2010 жылы Fly Jet.kz әуе компаниясы компанияны дамыту бойынша неғұрлым ауқымды және стратегиялық жоспарларды іске асырды. «Fly Jet.kz» батыс елдері мен Америкада шығарылған әуе кемелерін пайдалана бастады. Әуе компаниясы әуе кемесінің (ӘК) жаңа тұрпатын - тұңғыш орташа магистральді Citation X Cessna 750 ұшағын меңгерді, ал компания Қазақстанда бизнес-авиация дамуының жаңа деңгейіне шықты.
Құрылған күнінен бастап Әуе компаниясының басымдықты стратегияларының бірі VIP-авиатасымалдау, тұрақсыз коммерциялық рейстер саласында көшбасшы орнына ие болу еді.
Ұшудың барлық түрлері ИКАО стандарттарымен және ҚР қолданыстағы заңнамасымен қатаң регламенттелген.